Құлаш

lat: Qulash

Қазақ тіліндегі ерте кезден келе жатқан өлшемдердің көбісі қолмен байланысты: құлаш, қарыс, сүйем, сынық сүйем, елі т. б. Құлаш екі қолды екі жаққа жазғандағы ұзындық. Құлаш сөзі көпшілік түркі тілдерінде сақталған. Құлаш-құлаш есепсіз ұзын деген мағынаны білдіреді. Құлаш сөзі екі сөзден құралған: қол + аш (ашу етістігі) кулач сөзі қол + а + ч қолды аш, құлаш жаз, дейді Махмуд Қашғари (МК. I, 340). Кейін келе бұл сөздің екі сөзден құралғандығы, оның өзінде ашу етістігінің бар екендігі көмескіленіп , құлаш сөзіне аш, жаз, жай сөздері қосылып құлаш аш, құлаш жай, құлаш жаз, құлаш ұр деген тіркестерде тура және ауыс мағыналарда қолданылатын болған тәрізді. (Б. С.)