Қыз

lat: Qyz

Қос машина, қыз, жігіт қатар еді арасы: қалды жігіт мүдіріп ширек сағат шамасы (Ғ. Қайырбеков). Бұл сөз түркі тілдерінің көбінде кездеседі, оның негізгі білдіретін мағынасы « қыз бала, бойжеткен қыз ». Кейбір түркі тілдерінде қыз сөзінің қосымша мағыналары бар: туваша қыс ұрғашы, шор тілінде қысчак жиен қыз, қайын сіңлі, якутша қыыс немере қыз. Біздіңше, қыз көне түркі сөзі, оның негізгі түбірі қызу етістігі болуы мүмкін. Бұл етістік алдымен «жану, жарқырау» дегенді білдірсе, кейін «қызыл, от, жылы» деген қосымша мағынаға ие болған. Қыз сөзі алғашқы кезде «жайнаған, жарқыраған, оттың жарқылы тәрізді жылтыраған» деген ұғымды білдірсе керек. Қыз сөзінің шығу тарихын түсіндіруде: 1) ол сөз қытай тіліндегі гюйцы «патша қызы , бойжеткен қыз » сөзінен (В. Д. Аракин. Ошибки в работах Н. Я. Марра по чувашскому языку. Сб. «Против вульгаризации и извращения марксизма в языкознании», ч. I. 475; В. А. Панов. К истории народов Ср. Аз. I, 82; Бичурин. Собр. св. 97); 2) қыз сөзі армян тіліндегі койс сөзінен шыққан деген пікірлер бар (Рedersen, Кuhns Zеіtsсh.) (II. Қ.)