Мақтау

lat: Maqtaý

Жақсы көрді Қамбарды, Мақтауын естіп білгелі, Қандай түрлі екенін Көзімен көріп, білмеді («Қамбар батыр»). Тілімізде мақтау әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылады. Мақтау сөзінің түбірі мақ- (мағ ) -та есімнен етістік тудыратын жұрнақ (салыстыр: сақ-та, жақ-та, ақ- та, оқ-та), тұйық етістік көрсеткіші. Бұл сөз қазіргі түркі тілдерінің қайсы бірінде түбір күйінде сақталған. Алтайша мак мақтау, мак сос мадақтау сөз; В. В. Радловта: мак мақтау , мак сос мақтау сөз, мак чығарды мақтады, мадақтады, ады мағы чыкты аты әйгілі (мақтаулы) болды (Радлов. Опыт сл. IV, 1993). Бұл сөз көне түркі тілінде де мағ тұлғасында зат есім ретінде қолданылған. (Малов. Нам. др.-тюрк. письм., 19). Көне түркі тілінде мағ түбірі басқа тұлғаларда да қолданылған: мауut мақтау ; maqut мақтан ету (Малов. Пам. др.-нисьм., 398, 399). Сөйтіп, мақтау сөзінің түбірі мақ. Ол қазіргі қазақ тілінде дербес қолданылмай, елі түбір ретінде сақталып қалған. (С. И.)