Мерген

lat: Mergen

Аманкелді сілтегені теріске кетпейтін мерген екен (С. Мұқанов). Туваша мерге городки ойынының таяғы, таяқ, мерген атқыш, көздегіш. Алтай тілінде мерген атқыш, епті, кәнігі; мергенде кәнігі, епті болу; мергенду екпінді. Монғол тілінде мерген сөзінің беретін бір мағынасы біздегіге жақын: мерген садақтан атудың чемпионы, атқыш. Біздіңше, мерген сөзі түркі тілдері мен монғол тілдеріне ортақ көне сөз болу керек. (Ж. Б.)