Немере

lat: Nemere

Бұл өнер сенің өмірлік наның. Сенің емес, сенің ұлыңның, немерең мен шөбере-шөпшегіңнің азығы, деді (Ө. Қанахин). Немере ұлдың баласы (ұлы, қызы); Бұл сөз қазақ тіліне және де басқа да түркі тілдеріне парсы тілінен ауысқан. Парсы тілінде (набире) баланың баласы деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз қазақ тілінен басқа, өзбек тіліне набира, невара, ұйғыр тіліне нәвра, қырғыз, қарақалпақ тілдеріне немире//немере түрінде ауысқан (Б. С.)