Салдарлы

lat: Saldarly

Ол қазір салдарлы кісі болған (газеттен). Тува тілінде салдар әсер, ықпал; салдарлық ықпалды, беделді. Бұл сын есім тек қана адам, кісі сөздерімен тіркесе келіп, «салмақты, ұстамды, беделді, ықпалды» деген мағыналарды береді. Салдарлы сөзі республикамыздың оңтүстік облыстарында жиірек қолданылады. (Ж. Б.)