Сәлем

lat: Sálem

Аяздан жауға үскірген Құрсанған қызыл әскерден, Сәлем ап келдім, туған елі (Т. Жароков). О баста бұл сөз еврей тілінен ауысқан. Еврейше шалом (шалум, салум) «бейбітшілік, татулық», ал, шолом алехем! «тату болыңыз!» деген сөздер. Кейін бұл сөз араб тіліне ауысып, онда алғашында тек тыныштық, қауіпсіздікті білдірсе, кейін аман-есендікті білу, амандасу мағынасында қолданылатын болған. Осы мағынада бұл сөз түркі тілдеріне де енген (Золотницкий. Корнев. чув. рус. сл. 204-213; Зкеаш;. Ап Ешут. Бісі. 532). (Н. Қ.)