Таңба

lat: Tańba

Осындай топ-топ жылқылар әр ауылдың, әр елдің бөлекше таңбаларын танытады (М. Әуезов). Қазіргі түркі тілдерінде: қырғызша тамға жылқының санына күйдіріп басатын таңба, белгі; қарақалпақша тамга немесе таңба қазақшадағыдай мағынада, азербайжанша дамга таңба белгі; башқұртша тамга таңба, белгі, печать; түрікменше тагма, тамға таңба, печать. В. В. Радлов: тамға, тамқа, таңба белгі, таңба, ру таңбасы, печать деп көрсетеді (Радлов. Опыт сл. IIV). Көне түркі тілдерінің жазба ескерткіштерінде тамиа (тамға), тамда (тамқа) печать (Малов. Пам. др. письм. 426). Қазақ тілінің сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстарының үндес ықпалына қарай тамға сөзіндегі м дыбысыға, г дыбысы /5-ға ауысып, таңба болып қалыптасқан. Ал тамғаның дамга болуы т мен д дыбыстарының алмасуы, тағма түрінде кездесуі метатезалық құбылыс. Осы тамға сөзінің түбірі жайында А. II. Кононов «А. Дж. Эмренің пікірінше тамга сөзінің түбірі там «күйдіру, өртеу, жағу» етістігі (Етге Тигк ВПЫ1&І5І, 56) дегенді айтады (Кононов. Родосл. туркмен., 94). Қырғыз тілінде там тұтану, от алу. Қазақ тілінде де там сөзі тұтап, жан етістіктеріне синонимдес болып келеді. Мысалы: сексеуіл оты тамғанша, Сексендегі шал өлер, Тамуына таз өлер, Қызуына қыз өлер (ел аузынан). Отты тұтату, жағумен байланысты қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген тамыз, тамызу, тамызық сияқты сөздердің де түбірі там. Тамға (таңба) дегеніміз қарып күйдіру арқылы ірі қара малының (көбінесе жылқы) санына салынатын белгі. Сөйтіп, тамға сөзінің түпкі мағыналық төркіні там болғанын, -га етістікке жалғанып есім тудыратын -қа тәрізді (салыстыр: тұт-қа, жан-қа) жұрнақ екенін байқаймыз. (А. Мах. және Ж. Б.)