ҚАУЫМДАСТЫҚ

lat: QAÝYMDASTYQ

Қайталанбас дербестік беретін тілдік, этностық, мəдени т.б. белгілерге ие жəне тарихи қалыптасқан тұрақты əлеуметтік байланыстармен, қатынастармен біріккен адамдардың жиынтығы. Қауымдастық мысалына ру, тайпа, отбасы, қауым, Ұлыс, Ұлтты жатқызуға болады (қар. Этнос, Этностық топ, Тілдік ахуал).