ЖАРАПАЗАН

lat: JARAPAZAN

А.Байтұрсынұлы «Əдебиет танытқыш» еңбегінде қолданған термин. Жарапазан - қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Автор жарапазан рамазан деген сөзден шыққанын, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің сыртында тұрып жарапазан айтатынын, ораза ұстаған адамдар сауап алу үшін жарапазан айт қандарға құрт, май, ірімшік, т.б. беріп, риза етіп жіберетін болғанын сөз етеді. Сондай-ақ жарапазанды кəсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болғанын айтады. Жарапазанды екі адам болып айтқан. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі оның қостаушысы болған.