РАЙ

lat: RAI

сөйлеушінің шындық болмысқа, іс-қимыл, əрекетке субъективтік қатысын, көзқарасын білдіретін етістік категориясы. А.Байтұрсынұлы райдың 15 түрін көрсетеді: 1) тұйық рай, 2) билік рай, 3) ашық рай, 4) шартты рай, 5) ереуіл рай, 6) реніш рай, 7) қалау рай, 8) сенімді рай, 9) сенімсіз рай, 10) мұң рай, 11) көніс рай, 12) қайрау рай, 13) ызалы рай, 14) теріс рай, 15) болжал рай. Ғалым райларда үш жақ: 1-жақ (айтушы), 2-жақ (тыңдаушы), 3-жақ (бөгделік); екі айырыс: 1) жекелік айырыс, 2) көптік айырыс; үш шақ: 1) осы шақ, 2) өткен шақ, 3) келер шақ барын айта келіп, осы үш жақ, екі айырыс, үш шақ бойынша сөз түбірінің аяқ дыбысына қарай етістік өзгеретінін ескертеді.