ШЕЖІРЕ

lat: SHEJİRE

«Əдебиет танытқыш» еңбегінде зерделенген əуезенің тарауы. А.Байтұрсынұлы шежірені өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі ретінде таниды. Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түсі, туындысы көп айтылатынын, сондықтан шежіре уақиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын əуезе табына жататынын ескерте келіп, оның кемшін тұстарына тоқталады. Шəкерімнің «Қазақ əм хандар шежіресі» кітабындағы тек хандардың түсі мен туыстық белгілерінің ғана тізілгенін, болған оқиғалардың түп себептері көрсетілмегендігін мысалға алады. Ғалым шежіренің хатқа түспеуін қазақта жазу өнерінің болмауымен байланыстырады. «Орақ Мамай», «Едіге», «Кенесарының Садығы» туралы əңгімелерді шежіреге жатқызады.