Ай

lat:

ай сөзі ерте заманнан халық санасында көркемдік пен сұлулықтың, тазалық пен пәктіктің, бақыт пен құттың символы болған. Әсіресе, біріккен тұлғалы есімдер құрамында көп қолданыс тапқан. Ер есімдері құрамында «бақыт, сәт» мағынасын берген. Көне түркі тілдеріндегі Айхан, Айбек, Айтуды, Айтолды, Айтегін тәрізді есімдер осының дәлелі.