АЙНА

lat: AINA

(пар. айне اينه) заттың бейнесін айнытпай көрсететін шыны.

Тағы апарып Сәбитке берді айнаны , Мынау жігіт тауып жүр көп хайланы («Қисса Тәжбақыт-Хоршаһра қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Бұйрық болса, беремін тапқаныңа, Тылсымды сол айнаны алсаң келіп («Қисса Тәжбақыт-Хоршаһра қыз». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Айнаға дүкендегі бетін қарап, Бипаздап сақал-мұртын сұлу тарап («Сыршы молда». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).