lat: BISMILLA, BISMILLAHI, BIISIM ALLA, BİSMILLÁ, BISMILLÁ, BISMİLDÁ, BISSIMILLA, BİSMİLDA, BİSMİLLA, BİSMİLLÁ
(ар. бисмиллаһи الله بسم) – Алланың атымен, Алланың атымен бастаймын.
«Тағамға: « Бисмилла !» – деп, ұмтылғанда, - Жеме! – деп Жебірейіл жібермеді («Садуақастың мырзалығы». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Бисмиллаһи деп башлалық бір қиссаны, Көңілден шығаралық көп құсаны («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
« Биисим Алла !» деп Сұлтанай, Аттандырды төрені («Қарасай – Қази» (Нұртуған Кенжеғұл ұсқасы). Бабалар сөзі. 46-том. 2008. 100 томдық).
Молдалар оқыр кәләмді, Бісмиллә деп жол басын («Алпамыс батыр». Ақсауыт. І-том. 1977).
Бисмиллә сөздің басында, Бір мехнат кештім жасымда («Мұса Шорманұлы». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Баян сонда “ бисмілдә ” аузына алды, Дәрет үшін құманды қолына алды («Қозы Көрпеш өлеңі» (Д.Айтбаев нұсқасы). Бабалар сөзі. 55-том. 2009. 100 томдық).
Жігіттер, я биссимилла, жанды аманат, Құлына Алла деген болған санат («Қисса-и Қозы Көрпеш » (Н.И. Ильминский нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).
Бісмілда айтпай, дәретсіз жақын барма, Молдадан артық білер ақыл бар ма? («Сұлтанмахмұт Торайғыров». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).
Құртқаға алып барып береді, Бісмілла деп жеп еді («Қобыланды батырдың баласының жыры»(Айса Байтабынұлы нұсқасы). Бабалар сөзі. 37-том. 2006. 100 томдық).
«Бісміллә» деп, ішкері еніп қараса, Есебі жоқ сансыз сауда базар бар («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Бейбисмилла – бісмілласыз (намазсыз, дінсіз).
Бейбисмилла аузымды, Сол себептен ашпадым («Құлқыныс-Зеберше». Бабалар сөзі. 3-том. 2004. 100 томдық).
Бисмилла сөздің патшасы, Әдеп емес әр істі, Бейбисмилла бастаса («Гүлнәр қыз». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Бисмиллаһи рахмани рахим – мейірімді Алланың атымен бастаймын ( мұсылмандар әрбір игі істі, әрекетті осы сөзбен бастайды).
Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим , Қайран боп, тамам халық көзін салса («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
Бисмилла ал-рахман рахим дейін, Құдайға хамыд айтайын мұнан кейін («Қамаралдин хазірет». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Ұжмақтың есігінде, есіткенім, “ Бисмилла рахманир рахим ” – сол бар, – дейді («Бозторғай». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Бисмиллаhи Рахман ир-Рахим . Хамду бейхад ғадат («Қисса Шаһизинда». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).
Бисмиллаһир рахманиррахим , һазәл китаб фи манақиби хазрәт сұлтан Сейітбаттал Ғази («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).