БОРАН

lat: BORAN

(пар. буран بوران) ұйытқып соғатын қатты жел.

Рахман ием қабыл қылып дұғасын, Сол сағатта боран кетіп, күн ашылды («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Қыс болса қалың паналы һәм қысы жұмсақ болатұғын жерлерді сағалаған, осы заманымызда кенет соғып кететұғын сұрапыл боран , жел, жауын, ағын, сүргіндер ол заманда да болып тұрған («Біздің бұрынғы һәм қазіргі халымыз», Айқап, 1911, №10).

Ажалдың ақ бораны соғу ажал келу.

Ажалдың ақ бораны соқса қарсы, Гүлденген гүжім бар ма құламаған («Кете Жүсіп Ешниязов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).