ГҮЛЗАР

lat: GÚLZAR

(пар. гулзар گلزار) жайқалып гүл өскен жер, алаң.

Ол чишмәнің жанында гүлзар бағы, Толқытып бір көргенді көзді алдады («Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).

Хазан болды Хорезмнің гүлзары, Құрылып дүр бүгін махшар базары («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).

һәр тарапы наубаһар һәр гиаһы, Гүлзар жасмині биад реңк көбі, дейді («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).