«Балапан» журналы

lat: «Balapan» jýrnaly

Омбыдағы «Бірлік» жастар ұйымының 1916 1918 жж. жариялап тұрған қолжазба әдеби журналы. Редакторы Қ.Кемеңгерұлы. М.Жұмабайдың «Балапан» қанат қақты» атты аллегориялық әңгімесі осы басылым туралы. Бұл журнал жөнінде С.Сәдуақасұлы «бірыңғай беллетристика жариялайтын басылым» деп көрсетеді. Қ.Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» атты зерттеуінде «Балапанның» 1917 ж. 5-санынан үзінді келтірілген. Мұнда қоғамның ауыр халі ащы сыналады. Бұл журнал Алашқа тыныс болған жас толқынның қалам тәжірибесін шыңдаған мектеп болып тарихқа енді.