«Шура-и-улема»

lat: «Shýra-ı-ýlema»

Ғұламалар қоғамы (кеңесі) қоғамдық-саяси ұйым. 1917 ж. 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері С.Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған. Ұйым Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтады, ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау, күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді шариғат арқылы шешу керек деп санайды. Түркістан автономиясын қолдамаған бұл ұйым Өлкелік Халық Комиссарлар кеңесіне қантөгіске жол бермеу үшін өлкеде мұсылмандық автономияның орнығуының; ХКК қолында тек еуропалық нәсілдегі тұрғындардың басқаруы қалып, мұсылмандық автономия үкіметінің исламдық социализм принциптері бойынша құрылуының тиімділігі жөнінде мәлімдеме жолдады. Бұл ұсынысқа Кеңес өкіметі құлақ аспай, оны тарату туралы шешім қабылдайды.