WhatsApp

lat: WhatsApp

смартфондарға арналған мессэнджер. Мәтіндік хабарлама, сурет, видео және аудио жазбалар жөнелтуге болады. Android, BlackBerry OS, BlackBerry 10, iOS, Series 40, Symbian (S60) және Windows Phone сияқты платформаларда жұмыс істейді. Компанияның негізін Ян Кум (Jan Koum) және Брайан Эктон (Brian Acton) 2009 жылы Калифорния штатында қалаған. Компанияда 55 қызметкер жұмыс істейді. 2013 жылғы маусым мәліметтеріне сәйкес WhatsApp арқылы күніне 27 миллиардқа жуық хабарландыру жөнелтіледі. 2016 жылы 3 ақпанда WhatsApp қолданушыларының саны миллиардқа жетті. Бұл туралы Марк Цукерберг Facebook парақшасында мәлімдеді. «Әлемде Жер жүзіндегі миллиардтаған адамды байланыстыратын қызметтер санаулы ғана. Бұл кезең әлемді біріктіру жолындағы маңызды қадам», деді миллиардер.