iPhone

lat: iPhone

Apple компаниясының төрт диапазонды мультимедиялық смартфондары. Смартфондар iPod плеерінің, коммуникатордың және интернет-планшеттің қызметін атқарады. Mac OS X операциялық жүйесінің аздап жеңілдетілген түрі Apple iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейді. iPhone алғаш рет 2007 жылы 9 қаңтарда MacWorldExpo конференциясында көпшілікке таныстырылды. 2007 жылы 29 маусымда саудаға түсіп, АҚШ-тағы смартфондар саудасын жаулап алды. 2008 жылы 10 маусымда WWDC 2008 конференциясында бағдарламалық және аппараттық кемшіліктері жойылған телефонның саудаға түскеннен бергі үшінші моделі iPhone 3G таныстырылды. Бұл модель операциялық жүйенің жаңа нұсқасы iPhone OS 2.0 платформасында жұмыс істейді. Сол жылы iPhone PC World басылымының нұсқасы бойынша қазіргі заманғы ең пайдалы технологиялар рейтингінде екінші орынға шықты. 2014 жылы 9 қыркүйекте ұлғайтылған жақсартылған экранымен iPhone 6 және iPhone 6 Plus таныстырылды, А88 жаңа процессорымен, фазалық назар аудару жүйесімен, камерамен жабдықталды. Қазір iPhone 8 нұсқасы қолданыста.