Instagram

lat: Instagram

фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға сүзгі қолдануға, сонымен қатар оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді фотоқолдаңғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 қатынасын қолданады. Қолдаңғы iPhone, iPad және iPod Touch құрылғыларымен iOS 4.3-пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2 және жоғарырақ телефондарымен үйлесімді. Ол Арр Store мен Google Play арқылы көпшілікке таралады. Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода бастаған. Желінің қосымшасы Apple компаниясының Арр Store атты қосымшалар дүкенінде 2010 жылдың 6 қазанында пайда болды. 2010 жылы Instagram-ның бір миллион қолданушысы болса, бұл көрсеткіш 2011 жылдың маусымында бес миллион болды. Ал 2014 жылы наурыз айының соңында қолданушылар саны 200 миллионға жетті. 2011 жылдың шілдесінде Instagram-да жүктелген фотосуреттер саны 100 миллион, ал 2013 жылы қарашада желідегі фотосуреттер саны 16 миллиардқа жеткен.