Bitcoin

lat: Bitcoin

қарапайым сөзбен айтқанда, электронды төлем жүйесі. Бұл жүйенің қызмет жасауы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін криптографикалық әдіс қолданылады. Төлем жүйесі түгелдей ашық түрде жүргізіледі. Бұл интернет желісінде құрылып, сонда ғана жұмыс істейтін орталықсыздандырылған цифрлық валютаның жаңа буыны. Оны ешкім қадағаламайды, валютаның жүрісі математикалық алгоритмдерді есептеуге арналған бағдарламаларды қолданатын әлемдегі миллиондаған жаңа буын компьютерлері арқылы өтеді.