Dropbox

lat: Dropbox

«бұлттық» дерек қоймасы, ол тұтынушыларға файлдарды клиент көмегімен немесе веб қолданып, оңаша серверлерге орналастыруға мүмкіндік береді. Сервистің тұрақты нұсқасы 2010 жылдың 16 желтоқсанында жарыққа шықты. Ең алғаш осы сервистің идеясы компанияның негізін қалаушы Дрью Хьюстонда автобус арқылы Бостон Нью-Йорк тас жолында жүріп келе жатқанда туындаған. Осы сапарда ол өзінің жиналмалы сақтаушысын ұмытып кетіп, бос отырмас үшін ноутбугын алып іске кіріскен. Нәтижесінде осы бағдарлама дүниеге келген. Мұнда файлдарды өзгерту үрдісі дельта-кодтау қағидатымен жүргізіледі. Клиент арқылы файлды жүктеудің өлшеміне шектеу болмайды, ал «веб» арқылы 300 Мб-тан артық файлды жүктеуге шектеу бар. Ортақ қол жеткізу үшін «Public» папкасы арқылы әртүрлі қолданушылармен файл алмасуға болады. Жобаларда бірлесіп жұмыс атқару мақсатында аталған сервис әртүрлі есептік жазба арқылы жұмыс істеуге «shared» папкасы көмектеседі. Бұл бағдарламада файлдарды автоматтық синхрондау қолжетімді. Windows, Mac OS және Linux сынды платформаларда ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін «Dropbox» бағдарламасының ресми клиенті бар. Windows Phone 7 үшін осы бағдарламаны іске қосу жүргізілуде.