ҰЛТ

lat: ULT

(латын тілінен natio халық) аймағына (тарихи) байланысты өткен замандағы барлық құрбан болғандар мен қиыншылықтарды, ата-бабалары жайлы жалпы естеліктер мен мифтерді естеріне сақтап, егер қажет болса, осындай қиыншылықтарды бөлісуге, бірақ бөлшектенбеуге дайын адамдар тобы. Қоғамдастықтың барлық мүшелері үшін жалпы құқық пен міндеттер заңмен белгіленген. Мемлекет аймағы ұлттың өмір сүру аймағына сәйкес келсе, онда «ұлттық мемлекет» аталады. Көптеген мемлекеттер ұлттық қарым-қатынаста біркелкі болып келмейді және өз аймағында түрлі этникалық, мәдени, діни немесе тілдік топтарды иеленеді.