ХЕҰ

lat: HEU

Халықаралық еңбек ұйымы 1919 жылы құрылған, штаб-пәтері Женевада орналасқан. 1946 жылы Халықаралық еңбек ұйымы БҰҰ-ның ең алғашқы мамандандырылған мекемелерінің бірі болды. ХЕҰ - на 170 мемлекет енген (оның ішінде Қазақстан Республикасы бар). ХЕҰ үкіметтерді, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту, халықты толықтай жұмыспен қамту және тіршілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету, кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу мақсатында теңдей құқықта біріктіреді. Конвенциялар мен ұсыныстар әзірлейді. ХЕҰ-ның құрылымы: Халықаралық еңбек конференциясы; Әкімшілік кеңесі; Халықаралық еңбек бюросы; Үш тарапты комитеттер; Аймақтық және арнайы конференциялар.