ЗАҢ

lat: ZAŃ

сөздің кең мағынасында тұтас алғанда барлық нормативтік-құқықтық актілер, мемлекет тағайындалған барлық жалпы міндетті тәртіптер.

Өзіндік заңдық мағынада, заң мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы не тұрғындардың тікелей ерік білдіруімен (мысалы, референдум) қабылданған және барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Қазіргі қоғамдағы құқықтың негізгі көзі ретінде, заң әдет-ғұрыптың орнын алмастырады.