ҰЛЫҚТАУ

lat: ULYQTAÝ

елбасының лауазымына салтанатты түрде кірісу рәсімі.

Монархиялық басқару нысанында инаугурацияның бір түрі коронациялау таққа отырғызу болып табылады.

Инаугурация жоғары мемлекеттік лауазымның маңыздылығы мен жауапкершілігін ерекшелейтін мемлекеттік белгі ретінде танылады.

Президенттің ант беруі бұл конституциялық-құқықтық маңызы бар акт. Тек ант бұзылған жағдайда ғана импичмент рәсімі болуы мүмкін.