ҮЕҰ

lat: ÚEU

үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық емес сала.

Ұйымның міндеті әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталады, басқа да мүдделі топтар сияқты азаматтық қоғамның міндетті құрамдас бөлшегі және маңызды құралы болып табылады.

Олар мүгедектерге жәрдемдеседі, қоршаған ортаны қорғау мәселесін көтереді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды және т.б.

Қазақстанда 2006 жылдың басында 5820 ҮЕҰ тіркелген.