ДӨРЕКІ

lat: DÓREKİ

(пар. дураг دورگ)   

1. Қаны таза емес, қоспа, шатыс (метис).

2. Ауысп. Тұрпайы, тұрпайылық, ақымақ, ақымақтық.

Раушан білген шығар зерек болып, Сөз шығар айта салған дөрек болыпРаушанбек». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық).

Дөрекілік тұрпайы әрекет.

Дұшпанның ынсаптысын қараңызшы, Көңіл салмай һеш дөрекілік қылмады енді («Қисса Сейпілмәлік шаһзада Бәдіғұлжамал перізат». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).