БАНК

lat: BANK

банк қызмет жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Қазақстан Республикасында банк жүйесi екi деңгейлi.

Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.

Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.

Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметжекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.

Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.

Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.