ДҮЙСЕНБІ

lat: DÚISENBİ

(пар. душәнбе دوشنبه) аптадағы жеті күннің біріншісі.

Дүйсенбі жүрелік, деп, Ирамбаққа, Қойдылар жұма күні уағда байлап («Қисса Зияда, Шаһмұрат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Хамар дария ішілер дүйсенбі күн, Құдайдан қорқып жүрсе күндіз бен түн («Жұмақтың аты, һәм сипаты». М. Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Аяғын болатпенен тағалатып, Сапар жүр дүйсенбі күн жол жолдатып («Назымбек пен Күлше қыздың зары». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).