ЧЕК

lat: CHEK

чек берушi мен алушы банктiң арасындағы шартқа негiзделген, чек берушiнiң алушы банкке жазбаша бұйрығын қамтитын, осындай бұйрықта көрсетiлген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы төлем құжаты.

Чектер жабылған және жабылмаған чектер болып бөлiнедi.

Чек берушi банкке алдын ала енгiзген депозитпен қамтамасыз етiлген чектер жабылған чектер болып табылады.

Депозитпен алдын ала қамтамасыз етiлмеген чектер жабылмаған чектер болып табылады.

Чектерде олардың төлемi жөнiнде, оның iшiнде жабылмаған чектер бойынша банктiң кепiлдемесi болуы мүмкiн.