Меню
Qazaqsha
Cинонимайзер
Жүктеу
Барлық сөз
Жоба жайлы
MS Word плагині
Сөздікқор
Іздеу
Манты түшпара лағман – ұннан жасалатын тағамдар
Іздеу нәтижесі
Сұраныс бойынша
25
нәтиже табылды
1
Лағман
— лағманға салынуға тиісті қамыр жұмыртқа жарған сүтке илеп, біраз уақыт орамалға орап, бөктіріп қойса наны жұмсарып созылмалы болады. Нанды ескенде оған шекілдеуік майын немесе мақта майын жағып отырад ...
Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі / Д.Е. Капанова. – Павлодар: Кереку, 2012. – 55 б.
2
ЛАҒМАН
— з а т. т а м а қ. Жіңішке етіп созылған кеспеге бөлек қуырылған ет қосып әзірленген дүнген халқының ұлттық тағамы. Официант әуелі шөкі мен арақ, қайта барып үлкен тарелкамен лағман, бір кесе манты ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 10-том. / Құраст.: М.Малбақов, Н.Оңғарбаева, А.Үдербаев және т.б. – Алматы, 2011. -752 б.
3
ЛАҒМАН
— Ұннан қамыр илеп, оларды май жағып созғылап кеспе дайындайды. Кеспені суда қайнатып суық сумен жуып өсімдік майымен майлайды. Етті турап пияз салынған майға қуырып пісіреді де дәмдеуіштер қосып қайнат ...
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қоғамдық тамақтандыру. – Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. – 232 бет.
4
ТҮШПАРА
— (пар. жушбаре جوشبره) – қамырдың ішіне кішкентай ғана тартылған етті түйіп пісіретін тағам. ...
Г. Мамырбекова. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы. 2017. –658 б.
5
Ақ түшпара
— сүтке илеп жұқа жайылған қамырдын ішіне ақ ірімшік салып буға пісірген, үстіне сары май не кілегей құйылған манты тәрізді сүйкімді ас. ...
Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі / Д.Е. Капанова. – Павлодар: Кереку, 2012. – 55 б.
6
МАНТЫ ҚАБАҚ
— (Жамб.: Қорд., Шу) манты жасайтын асқабақ. ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет
7
Ұннан майда
— б е й н. Көзге көрінбейтін, ұсақ. Бар екен бір мақлұқ ұннан майда, Өз басын айдайды екен қиын жайға, Ұстасаң үгітіліп жоғалады, Дамылдап отырмайды ешбір жайға (Қара өлең). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. - 800 б.
Ең көп ізделген сөздер
ИТ АРҚАСЫ ҚИЯН
ТАҒЫ
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ
ҚАР
ЖҮКТЕУ
АППЛИКАЦИЯ
ЖАРАПАЗАН
АҚПАН
КОММУНИКАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
АҚПАРАТ
Telegram мессенджерін жиі қолданасыз ба?
Онда төмендегі батырма арқылы, сайттың telegram-ботын сынап көр.
Іздеу