6ШОТ —
зат. Қысқа сапты, жүзі өткір, ағаш шабатын құрал; шапашот. Ағаш бұйымдарын жасау кәсібімен айналысатын қазақ қолөнершілері шот, жоңғы сияқты ұсақ саймандармен жұмыс істеді («Халық мұғ.»). ...
7ШОТ —
зат. Есепті тез шығару үшін төртбұрыштап жасалған дөңгелек тастары қарапайым есеп құрал; есеп-шот. Мұғалима есепшоттың қасында әр түрлі есепті шотқа қағып көрсетіп тұр (С. Сейфуллин, Шығ. жин.). ...