Меню
Qazaqsha
Cинонимайзер
Жүктеу
Барлық сөз
Жоба жайлы
MS Word плагині
Сөздікқор
Іздеу
баршын
Іздеу нәтижесі
Сұраныс бойынша
21
нәтиже табылды
1
БАРШЫН
— з а т. Жолақты жібек мата. Жібек маталардың ішінен көбірек тарағаны: торқа, қырмызы, жібек, торғын - құбылмалы жұқа жібек, жолақ баршын, мақпал, атылас, қамқа жөне басқалары (Қазақст. тарихы). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 2-том / Құраст.: Ғ.Қалиев, С.Бизақов, О. Нақысбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.
2
БАРШЫН
— з а т. с а я т. Он бір жастағы бүркіт. Бүркітті он бірінде баршын деп атайды екен (С.Қасиманов, Сиқырлы.). Аспанда ұшып айналған, Түлкі көрсе сайланған, Түлкісін иесі байланған, Қара ала баршын ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 2-том / Құраст.: Ғ.Қалиев, С.Бизақов, О. Нақысбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.
3
БАРШЫН
— с ы н. Тың, күшті, асау, мықты. Көк бестім мінілмеген баршын екен, Көрсеткен қызды сұлу аршын екен (Арыстанбай Тобылбайұлы // XIX ғ. қаз. поэз.). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 2-том / Құраст.: Ғ.Қалиев, С.Бизақов, О. Нақысбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.
4
Баршын
— 1. Жолағы бар жібек мата. 2. Он бір жастағы бүркіт. Ауысп: Баршын тарттыжасы ұлғаяйын деді, қартая бастады. ...
Журналист Тоқан Бодаухан жинақтап ұсынған сөздер
5
БАРШЫН
— зат. (1) Жолақты жібек кездеме. (2) Он жастан асқан бүркіт. ауысп. Кексе * Баршын тарту - шау тарту, жасы ұлғаю. (3) сын. Асау * Көкбестім мінілмеген баршын екен, көрсеткен қызды сұлу аршын екен. ...
Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.
6
БАРШЫН
— Он жастан асқан бүркіт. ...
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. - Алматы: "Сөздік-Словарь". 1997.- 368 б.
7
БАРШЫН
— қартайып, шау тартқан бүркіт атауы. Қазақ саятшылары жас бүркітті аққұс, сарықұс деп бөле атаған. Себебі, жас бүркіттің қанат құйрығының түп жүні ақала болып келеді де, жасы ұлғайған сайын қоңыр, не қ ...
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 б.
Ең көп ізделген сөздер
ИТ АРҚАСЫ ҚИЯН
ТАҒЫ
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ
ҚАР
ЖҮКТЕУ
АППЛИКАЦИЯ
ЖАРАПАЗАН
АҚПАН
КОММУНИКАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
АҚПАРАТ
Telegram мессенджерін жиі қолданасыз ба?
Онда төмендегі батырма арқылы, сайттың telegram-ботын сынап көр.
Іздеу