Меню
Qazaqsha
Cинонимайзер
Жүктеу
Барлық сөз
Жоба жайлы
MS Word плагині
Сөздікқор
Іздеу
бедері
Іздеу нәтижесі
Сұраныс бойынша
20
нәтиже табылды
1
Бедері
— зат. сөйл. Шықбермес Шығайбай, сараң, бедірейіп қалған. Сұрауын тапсаң бедері де береді (Мақал). ...
Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. - 728 б.
2
бедеріндей
— бетіндегі өрнегіндей, әшекейіндей. Күз жаңбырымен қайта көктеп, көк аласыны енді- енді қылтия бастаған сары дала - село әйелдері сәндікпен жамылар мәнерлі шәлі бедеріндей (Шаймерденов). ...
Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Қазақ тіліндегі араб сөздері / Н.Д. Оңдасынов. 1-том. Алматы: «Білім», 2010. – 167 б.
3
Бедері кеткен.
— Өңі кеткен, ескірген, тозған. Қарабала Есекеңді Наркомпростың алдында кездестірді: бедері кеткен, сырты дәл өзінің беті тәрізді қыртыс-қыртыс буаз портфелін қолтығына қысып, қорбаңдап, ол әлдеқайда ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том. / Құраст.: Б. Сүйерқұлова, Т.Жанұзақ, О.Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011. - 744 б.
4
Бедері қашқан.
— Қисыны кеткен, сүреңсіз. Көп күнгі күмөнның түманы сұмдықпен сейілсе, алдан тарау-тарау жолдар тосып алады-дағы Бедері қашқан болмысқа тың таңбалар түседі-дағы (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том. / Құраст.: Б. Сүйерқұлова, Т.Жанұзақ, О.Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011. - 744 б.
5
Бедерін берді.
— Қарасын көрсетті, біліне бастады. Айнала төңірек бірте-бірте бозарып, көз жетер жердегі қара-құралар бедерін беріп келеді (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн.). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том. / Құраст.: Б. Сүйерқұлова, Т.Жанұзақ, О.Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011. - 744 б.
6
Жер бедері
— географиялық. Жербедер (жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы). Ж е р б е д е р і тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра т.б. б ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 6 - том / Құраст.: Ж. Қоңыратбаева, Ғ.Қалиев, Қ.Есенова және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
7
Жер бедері
— пішіні мен көлемі, жаратылысы мен жасы, биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бедерінің сипаты. ...
Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары. Оқу құралы / Жанәділ О. – Алматы: «Дәуір-Кітап» баспасы, 2014. - 86 б.
Ең көп ізделген сөздер
ИТ АРҚАСЫ ҚИЯН
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ
ТАҒЫ
ҚАР
ЖҮКТЕУ
АППЛИКАЦИЯ
ЖАРАПАЗАН
АҚПАН
ӘУЛЕТ
АҚПАРАТ
Telegram мессенджерін жиі қолданасыз ба?
Онда төмендегі батырма арқылы, сайттың telegram-ботын сынап көр.
Іздеу