1ОТТЕКТІ —
сын. Оттегі қатысқан, құрамында оттегі бар. Оттекті-конвертерлі комплекс республикамызда Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істейді (ҚСЭ). ...
2ОТТЕКТІК —
сын. Оттегіге тән, оттегіге қатысты. ...
3Оттекті жастық —
мед. Емдік оттек сақталатын, резиналанған қалың матадан тігілетін аппараттардың ең қарапайым түрі. Оттек тыныс органдарына әртүрлі ингалятор аппараты және оттекті жастық арқылы беріледі (ҚСЭ). ...
5Оттектік бірлік —
хим. Атомдық массаларды өлшеуге арналған шартты бірлік. Дж. Дальтон атом массасының салыстырмалы өлшемі ретінде сутектік бірлікті ұсынды. 1906 жылы химиктердің халықаралық комиссиясының шешімі бойынша ...