2ҮСТІНЕН —
үст. Сыртынан, адамның өзі жоқ жерде. Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік «шапты, талады» деген әр түрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді (Абай, Тол. жин.). ...
3ҮСТІНЕН —
шыл. жерг. Арқылы. Кітаптарды кооператив үстінен алдырамыз (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). ...
4Үстінен түсті —
а) Уақиғаның нақ болып жатқан мезгіліне тап болды. Апасы айтқан «Таңбалы тас» әңгімесінің үстінен түскеніне Сәтжан аса қуанды (С.Бегалин, Уақыт.). Қазақта «еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін де ...
5Үстінен шықты —
Бір оқиғаның болып жатқан мезгілінде кезікті. Келесі күні таңертең, Сәуле ас алып келгенде, күтпеген жағдайдың үстінен шықты (З.Шүкіров, Ізгілік.). Анада Дәулетжанды адайға аттанарында оңаша күй тарты ...
6Үстінен шықты —
Бір нәрсенің куәсі болды, көзімен көрді.Бір күні жылап жатқанда,Үстінен шығып, таң қалды (Кел, шырқайық, балалар!).– Шілдехананың үстінен шықтық қой, кішкентайларының бауы берік болсын, – дедім де, ес ...
7Үстінен қарады —
Бәрінен жоғары билік етті. Байқап сөйле, Тәйтеке. Бұл кісі-ояздық соттың үстінен қарайтын бастықтардың ішіндегі бастықтардың бастығы (Қ.Қуанышбаев.). ...