ӘУЛИЕ

lat: ÁÝLIE

 з а т. 1. д і н и. Ерекше діндарлығымен, дін жолына кіршіксіз берілгендігімен Алланың разылығына, халық сеніміне ие болған, қасиетті, рухы өлгеннен кейін де биік саналатын адам. Сол күні раузаға қонып жатты, «Қылғай, - деп, - қуанышты сапар жолды

Сол түні бір әулие түсіне еніп,

Түсінде халифаға аян берді (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Бастағы көз, кұлаққа сенімім жоқ,

Терең ой мен ақылға айтамын дат.

Пайғамбар, әулие айтты десе-дағы,

Ақыл қабыл алмаса, ол маған жат (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстан баб, Баб ата, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата, Сопы Әзіз, Оқшы ата т.б. әулиелер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында Мәңгілік сақталған (ҚҰЭ).

2. Көріпкел, алдағыны болжағыш, көреген, сәуегей. Жаманшылықты жұрттан бұрын жори алмаған әулие іші жиди өкінді (Д.Досжанов, Жібек.). Бақа көріпкел әулие екен, жұрт ойнап айтам деп, ойлап айтып жүр екеназ. ертегі). - Ал, мен өзімді халыққа көріпкел әулие етіп көрсету үшін бір сорлының алқымын сықтырып тұрғаным мынау! - дейді бақсы ішінен (Н.Қазыбекова, Түсаукесер).

3. а у ы с. Адал, пендешіліктен ада, рухани таза адам. Қазақ халқының әулиеге адам дегенде діндік мағына бола бермейді. Кейде тіпті зөредей де болмайды. Нағыз қазақтың өзідін өкілдері иман, ишан, қожа-молда, сопы дегендеріңе бейімділігі жоқ халық. Қазақ түсінігінде нағыз әулие, жақыным-жатыным деп ешкімге ала-құла қарамайтын, қолы таза, жолы да таза, құда болу, қонақтас болуларында алыстан меңзеліп қойған есебі жоқ, ақкөңіл, негізінде хат танымайтын, шариғат деген құлағына кірмейтін, жаны, жүрегі бүкіл елге түгел ортақ қарапайым адам (Ғ.Мүсірепов, Жат қолында). Бірақ ревком мүшелері жоғарыдан, көбінше, шет жер адамдарынан болғандықтан, мүшелер жергілікті тұрмыспен жақсы таныс болмай, кей уақыт жергілікті елге жағдайсыз істер істеп тастауы мүмкін. Жөне адамның бәрі әулие емес, кей мүшелер төңкеріс комитетінде отырған соң төңкеріс жолымен елге күшін төрелік, орынсыз өкімдік көрсетіп жіберулері де ықтимал (М.Жұмабаев, Шығ.). Өз әкесі бір алуан озбыр күш иесі болса, соның қарсыласындағы жуандар да ешбір жағынан абзал әулие емес екенін біледі (М.Әуезов, Әр жыл).

4. а у ы с. Ең қадірлі, таңдаулы, керемет. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбек сатқан қолөнерлі қазақтың әулиесі сол (Абай, Тол. жин.).

Көкшетау Оқжетпестің

Жұмбақтасым Аспаның өзіңменен құндақтасшыл

Сен бе екен ә у л и е жер өлемдегі

Алдымен ашатұғын жыр қақпасын (Е.Ибрагимов, Оқжетпес).

Секілді өлең-жырдың әулиесі,
Тебіренген теңіз болып жан-жүйесі.

Маңдайы жарты қарыс секілді бір,

Ақылдың ақ шалқары, ой дүниесі (Ғ.Қайырбеков, Қосбасар).

Әулие болса. Соншама мықты болса, күшті, керемет болса. Қасым Кенжехан әулиеболса да, Жәмеш әрі қатын үстіне, әрі шалға бармайды да, үй ішіне ұрыс салып, бермеу жағына ашық шығып еді (М.Әуезов, Қараш.). Бәтір, қойшы енді, әулиеболсаң өзіңді жарлықа. Мен көптен айырылмаймын (Б.Майлин, Шығ.). - Сен әулиеболсаң, Бейімбетті бас редакторлыққа көндіріп берші (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).