lat: Áıel teńdigi.
қ о ғ.-с а я с и. Кеңес өкіметі тұсында көп әйел алушылыққа, қалыңмалға, әмеңгерлік сияқты т.б. дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелге қатысты салттарға қарсы, әйелдің қоғамдық өмірге ерлермен бірдей араласуын насихаттауга негізделген қоғамдық-құқықтық мәселе. Біздің газетте әйел теңдігі деген бөлім бар (С.Дөнентаев, Шығ.). Ақын әйел теңдігі туралы да сөз қозғап, бұл жөнінде шариғат шеңберінен шықпаса да, әйел туралы әділетсіз көзқарасқа қарсы орынды пікір айтады (Б.Кенжебаев, XX ғ. дем. жазушы.). Комиссар (қолын көтеріп). Жасасын бостандық! Жасасын әйел теңдігі! Жасасын бұқара өкіметі (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бірақ ұлы мақсатты тілектердің бірі - әйел теңдігі әлі де көңілдегідей жүзеге асқан жоқ (М.Дулатов, Шығ.).