lat: Áıel teńdigi.
тар. саяс. Әйелді еркекпен тең құқықты деп санау, әйел адамға бас бостандық алып беру заңы.
Міне, содан бері 4 жыл өтті, Қазіргідей заманда бұл аз уақыт емес. Содан бері талай кемшіліктер түзетілді. Бірақ ұлы мақсатты тілектердің бірі – әйел теңдігі әлі де көңілдегідей жүзеге асқан жоқ (М.Дулатов, Шығ.).
Әйел теңдігіне немқұрайды қараушылық, жастардың сүйгенімен қосылуына кедергі жасаушылық жиырмасыншы, отызыншы жылдар былай тұрсын, осы күннің өзінде аз-кем кездесіп қалып отырады (Р.Бердібаев, Гүлстанның бұлбұлдары).
Жаңыл кедей-кепшіктерді жинап жіберіп, жиналыс өткізді. Әңгіме әйел теңдігі жайлы еді (С.Сарғасқаев, Көңілді балалар).