lat: ÁŃGİMESHİ
з а т. 1. Әңгіме айтуға шебер адам, әңгімені көп білетін шешен. Бұл пәтерге қаланың жөне елдің әнші-күйшілері, әңгімешілері, аңшылары көп келіп жүреді (С.Мұқанов, Есею жыл.). Бұл үйдің адамдары әңгімеші, ертегіші жандар емес еді (Б.Соқпақбаев, Балалық.).
2. Сөз сөйлеп отырған жақ, баяндаушы. Әңгімеші ақсақал сөз арасында Күшікбайдың тарихын сөйлеуші еді (М.Әуезов, Шығ.). Жердегі қазынаның кілтін екпінділердің сапалы ісі ашты, - деді әңгімеші қарт (Қ.Әбдіқадыров, Әңгім.). 3. а у ы с. Жазушы, әдеби шығармашылық шебері. Ұлы әңгімешілер тұрмыс сарынын суреттегенде, сарынға кейіп беретін, өң беретін таптардың кейіпкерлерін алып суреттейді (А.Байтұрсынов, Шығ.).