ӘБДЕН

lat: ÁBDEN

үст. 1 . Мүлде, біржола .

Санасын ойлар дал қылып,

Тоқберген әбден қысылды.

Шырпысын Арман жандырып,

Мүгедекке ұсынды. (2,327).

Қап! Неге барып дорбамды жұлып алмадым?! Ол әбден үйге кіргізіп бергенше артынан ілесіп неге жүре бердім ?! (4,111).

2 . Мейлінше, барынша .

Арланды әбден жұлмалап,

Қансоқтаға қанды да,

Тасқа қонды Мұзбалақ,

Енді ұшудан қалды ма?! (1,218).