lat: ÁDİL
Алалық жасамай, ақиқатқа сәйкес әрекет ететін.
Арамтамақ, ақбілек,
Қол астын жемей қолдай ма?
Басшы әділ болмаса,
Жұртқа әділдік орнай ма? (Жамбыл, Тол. жин.).
Ас- тыртын жамандасуға айлакес, сырқынды болғанмен, мынандай әділ қазының алдында ашық шындыққа бара алмайтын (М.Әуезов, Абай жолы). Мейірімді ұстаз, әділ ақылшы болу - өрбір мұғалімнің абыройлы борышы («Халық мұғ.»).
2. Турашыл, әділетті, шыншыл.
Кей адам ешбір тоймас, құйсаң толмас,
Қақпанға ондай адам түспей қоймас.
Әділ жұрт ғасыр бойы сынап келген,
Жақсының ел сыйлаған атын жоймас (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Ойлап қарасаң, өмірдің өзінен асатын әділ, одан турашыл ештеңе жоқ (С.Омаров, Жүйрік.).
- Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық
- Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Алтауының ішінде ынсап әділ,
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
3. Адал, таза, жалғандықты білмейтін.
Әділдің озар адымы,
Адал жан шығар төбеге.
Тентек адам шыға алмас
Төбе түгіл сөреге (Қабан жырау, Алтын қазық).
Бала - әділ үкімші, ол жалтақтықты, жалғандықты білмейді (З.Серікқалиев, Ақыл.).
Егер зәуі ғалам әділ ниетіне қайшы ағаттық істесе өзін- өзі қатты кінәлап, сол ағаттығынан әбден арылғанша жаны жай таппайды (З.Жөкенов, Таң самалы).
4. Ақиқатқа, шындыққа сәйкес, тура, жөн, дұрыс. Әзіл айтсаң да, әділ айт (Мақал-мәтел).
Тауыса алман дүние кебін айтып, санап Хәлім аз іс ететін әділ қарап (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Соған қарсы келмей- ақ қойсаң қайтеді.
Ол өзімдікі әділ дейтін кісі ғой (Т.Ахтанов, Дала сыры).
Егер, айтатын болсаң, әділін неге айтпаймыз (Ә.Әбішев, Жас түлек.).
5. қ о ғ-ә л е у м. Әділеттілік талаптарына негізделген, ахлақ (моралъ) пен құқық нормаларына сәйкес. Съезде төбе би сайланған Абай әділ билік айтып, озбыр топтың аузын аштырмапты («Қаз. әдеб.»).
Артымнан айтыстарға қуа барып,
Қуларға қор боласың дуаланып.
Ол күнде үкімет те әділ емес,
Тұратын жауап беріп, жауап алып (Пернедегі терме.).
Мысалы, тасқын кезінде жұрттың мүлкін тонау басталған. Сондай тетір-тентекті тыюға ол қорқытатын әділ бұйрық берген (Б.Қыдырбекұлы, Мазда.). Үкіметтеріне ақшалай немесе заттай соғыс айыбынсыз, зорлық төлемсіз, әділ демократиялық бітім жасауды ұсынды (Қаз. мектебі).
6. Бәріне бірдей, тең мүмкіндік беретін. Айта берсем, кезінде бай да, батыр да, ақымақ пен данышпан да, ер мен ез де бірдей жатқан есіл бесік, ешкімді бөле-жара қарамаған әділ бесік (С.Бақбергенов, Қарға там.). Қазіргі классикалық делініп жүрген күрес ол кезде французша деп аталатын. бұл күрес шын мағынасындағы әділ айқас екен. Күші мен әдіс-айласы тең келген балуан, оқта-текте ғана болмаса, еш уақытта қапыда кеттім дей алмайды (Ә.Көшімов, Жасаңшы).
// Жөндеп, дұрыстап; әділеттілікпен, турашылдықпен, адалдықпен. Жыққанда даусыз-дамайсыз өсемдеп отырып, әділ жығады. Бір күрескен әдісін екінші балуанға қайтып істемейді (І.Жансүгіров, Шығ.). Ылайым ендігі буын әңкүстенбей, әділ өссе екен (Д.Досжанов, Жібек.).
Сонда олар сын көзімен әділ қарар,
Ел жауы кім екенін дәлдеп табар.
Сол жаудың үрім-бұтақ тұқымына
Аямай әділет заң балта шабар (С.Торайғыров, Алаш ұраны).
Екі даугер келгенде, төресін әділ береді, ақылға кәміл би адам (Ақберен).