ӘДЕП

lat: ÁDEP

з а т. 1. қ о ғ. Адамдар қарым-қатынасындағы ізгілік нормаларынық мүлтіксіз орындалуын білдіретін, қауымдасып өмір сүрудің дәнекері болып табылатын ахлақораль) ережелерінің жиынтығы.
Шақырып алып

Тұрды деді

- Ей, інім,

Жоқ екен елатыңда ә д е п, білім,

Көркіне күшіменен көңілі өсіп,

Бірінің алмайды екен бірі тілін (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).

Әдеп жайында ежелгі грек философының нақылын қазақ ақыны Сұлтанмахмұт; «Адам - құл өзін-өзі ұстамаған, Деген бір Сократтан сөз қалыпты» деп өлеңге айналдырған (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Әдеп өлшемдер арнаулы қаулы арқылы жарияанбайды, алар данышпан адамдардың ойлап тапқан қүндылықтары да емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған (ҚҰЭ).

Тағзымға - тағзым,

Назымға - назым

Тілеушілік - ол әдеп (А.Байтұрсынов, Шығ.).

2. Тәлім-тәрбие, көргендік.
Тоқсан мыңды неғылса қандырды тез,

Әдебі жоқ, мінез жоқ Қодардан безозы Көрпеш.).

Жігітке әдеп керек сыйлайтұғын,

Жөн болмас болмашыға қинайтұғын.

Кемеңгер қанша жүйрік болсаңдағы,

Қисынсыз бекер сөзді жинайтұғын (Шал ақын, Өлеңд.).

Достық, қастық қолынан

Екеуі де келе алмас

Біреу айдап зорлаған.

Балаң әдеп біле алмас

Сабақ алмай молдадан.

Би кеңесі келіспес

Үлгі көрмей ордадан (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Отағасы-ау! Бала-шағаның алдында былық- былапыт сөздерді сапырып сөйлеуіңді қой. Қайдағы Құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлыңда қандай әдеп болады, қызыңда қандай қылық болады?! (М.Жұмабаев, Шығ.).

3. Сыпайы тұрпат, жинақы қимыл, жарасымды қозғалыс. Паншин Марья Дмитриевнаға тек көзқарасымен ғана жауап беріп, әдеппен иіліп қойды, қолынан сүйген жоқ (М.Әуезов, Шығ.). Қыз бала жарастықты әдеппен отырып, көз астымен мөлдіреп Махмұт ағасына қарап- қарап алады (Д.Әбілев, Арман.). Сыпайы әйел қолындағы желпуішін әдеппен жиып, басын сәл иіп, сүлу көзін төңкере, қиыла қарады (С.Жүнісов, Ақан сері).

4. Ізеттілік, сыпайылық, сыйластық.

«Сіз» деген - әдеп,

«Біз» деген - көмек (Мақал-мәтел).

Білген соң қысылғанын қонақтары,

Бар ғой деп бір оңаша іс қылары.

Бірі ол деп, бірі бұл деп сылтау айтып

Әдеппен рұқсат алып кетті бөрі (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

5. Ізет, құрмет.
Бесінші, қымбат нәрсе - әдеп деген,

Әдеп деген махаббатқа себеп деген (Ақмолла Мұхамедиярұлы).

Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеппен сый екені рас Абай бұған дауласқысы келмеді (М.Әуезов, Шығ.). Қарқаралыға келгелі Бөжейдің көрінгені осы. Шешесінің жүрердегі сөзі есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді ме? Қалайша бүйтіп әдеп шығарғанын Абайдың өзі де байқамай қалғанды (М.Әуезов, Шығ.).