ӘДЕПТІЛІК

lat: ÁDEPTİLİK

з а т. 1. қ о ғ.ә л е у м. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында ерекше орын алған белгілі бір ахлақ нормалары мен принциптерін бұлжытпай орындаушылық. Әбу Насыр өл-Фараби «Қайырымды қала адамдарының көзқарастары» атты еңбегінде әдептілікті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді (ҚҰЭ). Әдептілік - мәдениеттіліктің белгісі. Әдепті адам ата- ананың, ұжымның айналасының тәрбиесімен, өзін-өзі тәрбиелеумен өзінің ұлттық қасиетін қалыптастыра білгендігін көрсетеді (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Сондықтан осы жылы Парламент «Қазақстан Респуликасының Жоғарғы сот кеңесі туралы» және «Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы» заңды қабылдады. Олар сот жүйесі үшін кадрларды іріктеу төртібін реттеп, судьялардың жоғарғы көсіби, иманды және әдептілігі мінсіз адамдар болуына қол жеткізуге мүмкіндік береді («Егемен Қазақстан»).

2. Сыпайылық, биязылық, жұмсақтық.

Ерте тұрып, кеш жатып,

Әдептілікпен тіл қатып,

Ата-енеге құрмет қыл,

Ауырлап сөзін елемеазар жырау, Шығ.).

Ызбайлы жас доктор кемпірге әдептілігімен ғана ұнаған жоқ, мырзалығымен де ұнады (X. Есенжанов, Ақ Жайық).

3. Ізеттілік, тәрбиелілік, көргенділік.
Күнұзын қара шал жол үстінде келе жатып Әкімгерейін шығарып салғандағы Жадыраның өзін-өзі қалай ұстағанын Ғазизамен іштей салыстырып, үлкен келінінің ата алдындағы әдептілігіне, жар алдындағы беріктігіне риза болған (Ә.Әбішев, Ат тұяғы.). Расында сынықты, әдептілік, ибалық әйел баласына жарастықты сындарлы асыл қасиет («Қаз. әдеб.»). Тәрбиелілік, көргенділік. Күнұзын қара шал жол үстінде келе жатып Әкімгерейін шығарып салғандағы Жадыраның өзін-өзі қалай ұстағанын Ғазизамен іштей салыстырып, үлкен келінінің ата алдындағы әдептілігіне, жар алдындағы беріктігіне риза болған (Ә.Әбішев, Ат тұяғы.). Расында сынықты, әдептілік, ибалық әйел баласына жарастықты сындарлы асыл қасиет («Қаз. әдеб.»).