lat: ÁIEL
зат. 1 . Адам баласының ұрғашы жыныстылары .
Әйелдер-ай! Әйелдер-ай , қулар-ай,
Жануарлардың жауын алып тұрғаны-ай!
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,
Кетесіңдер тыңдай тұра тыңдамай (2,119).
Кішілер үлкендердің сөзін күтсін,
Ырым жасап, әйелдер бөзін жыртсын.
Жарасымды қауымға лаң салған,
Жәдігөй жантықтардың көзін құртсын (2,374).
2 . Жұбай, зайып, қатын.
Көрмедім қойшыдайын жан асылын,
(Тұрмысы еңбегіне жарасуын),
Бір сәтте үйге еніп қымтап кетті.
Көрпесін әйелі мен баласының (1,297).
Бір басымда бақытым бар аздаған.
Баспанам бар, әйелім бар, өз балам.
Бұл өмірде өз орным бар, өз бағам.
Мен соларды мият тұтам, мәз болам! (3,78).