lat: ÁIEL.
з а т. 1. Адам баласының ұргашы жыныстылары.
Ішімде қайғым қалың, көз жасым кем,
Адам жоқ, кімді дос деп мен жағушы ем?
Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек.
Көзінен жасы шықса, бойына ем (Абай, Тол. жин.).
Қазақтың қара көздерінің сиқырлы күші Европа әйелінен кем емес (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Еркек көктен түскен жоқ,
Бәрі - адамның баласы.
Әйел жерден шыққан жоқ,
Қыз бен үлдың анасы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
2. Жұбай, зайып, ер адамның құрсағы.
Ер күткен әйелдердің тәні - алтын,
Алтынды таза сақта біліп парқын (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Әйелің жақсы болса, қонағың мен үйіңнің түрағы (Ел аузынан).
Әйелі жақсы қандай-ды,
Жарқырап жанған шамдады (Базар жырау, Шығ.).
Бұрынғыдай тұрмасақ та өрекпіп,
Көкірегімнен басылған жоқ жел екпін.
Басқаларға бар ма, жоқ па қажетім,
Әйеліме, балаларыма керекпін (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).
3. к ө н е. Тұрмыс құрмаған қыз бала, қыз. Әйел тапты ма? - Қыз туды ма? Әйел ме, еркек пе? - Қыз ба, үл ма? (В.Радлов, Зерт.).
Әйелді біріншіден - қыз деп атар,
Қыз бала ер баламен жүрер қатар.
Бір кезде келіншек боп жаулық салып,
Жұрттық боп кетіп бір жылатар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).