с ы н. Әйнек салынған, әйнектелген, шынылы. Селоның шығыс жақ бір шетінде екі қатар биікке көтерілген жоғары қатары әйнекті, ұзыннан ұзақ, еңселі бір сарай тұр (Ғ.Сланов, Очерк.). Әйнекті верандасы бар, үш терезесі де күн жақта, қаңылтыр шатырын көкпен бояған осы селодағы ең жаңа, ең жақсы үй екен, жағалап келіп, сатысынан көтерілдік (Ж.Жұмаханов, Қаракөз.). Айша өкелгендерін дереу әйнекті буфетті ашып, ішіне жайғастыра бастады (С.Алдабергенов, Әңгім.).